top of page

Уақыт тығыз кезде тез пісетін, алайда тойымды әрі пайдалы тағам керек. Сондай тағамдардың бірі – фарш қосылған сорпа, себебі оның еті піскенін күтпейсіз немесе фарштан шарлар жасауға уақыт жұмсамайсыз. 


Қажетті азық-түліктер:

- 400 г фарш;

- 2-2,5 л су;

- 1 шай кесе кез келген жарма;

- 1 пияз;

- 1 сәбіз;

- 1-2 болгар бұрышы;

- 2 қызанақ;

- 2 картоп;

- тұз, қара бұрыш.


Қазанға аздап май құйып, фаршты қуырамыз.

Оған су құямыз.

Сорпаға қалаған жарма түрін салуға болады. Біз қоңыр жасымық, қызыл жасымық және бұршақ қосыпасын алдық. Сорпадағы жармалар піскенше бөлек табаға тұздық дайындай береміз

Пияз бен сәбізді төртбұрышты етіп тураймыз.

Табаға аздап май құйып, алдымен пиязды қуырып, содан соң сәбізді саламыз.

Болгар бұрышын төртбұрышты етіп тураймыз.

Қызанақты да ұсақтап турап, табаға салып, дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз.

Барлық көкөністер жұмсарып, суы шыққан соң отты сөндіреміз.

Тұздықты сорпаға саламыз.

Картопты ірі етіп турап, сорпаға саламыз. Содан соң сорпаның дәмін тексеріп, қосу қажет болса, тұз саламыз. Картоп піскенде отты сөндіреміз.

  Сорпа дайын!


 
 
 
  • Writer: d.shadibekuly
    d.shadibekuly
  • Oct 31, 2018
  • 1 min read



Құймақ құрамы:

  • 2 жұмыртқа;

  • 2 стақан сүт;

  • 1,5-2 стақан ұн;

  • 2 ас қасық қант;

  • 0,5 шай қасық тұз;

  • 0,5 шай қасық ас содасы;

  • 2 ас қасық сұйық май.

  • 2 дана киви

Құймақ дайындау:

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз. Дайын құймақтырымыздың ішіне киви немесе қолда бар жемісіңізді дөңгелектеп кесіп саламыз.





 
 
 
  • Writer: d.shadibekuly
    d.shadibekuly
  • Oct 31, 2018
  • 1 min read

Тандырға піскен Самса, қаусырма Самса, өкпе-бауыр қосып пісірген Самса сияқты көптеген түрлері бар.Самсаны әзірлеу үшін ұннан тығыз етіп қамыр илейді.


Cамсаның қамырына керекті азық-түлік:

  • Ұн – 4 стақан

  • Су – шамамен 300 мл

  • Тұз – 1 шай қасықa

  • Маргарин – 500 гр


Cалмасына :

  • Фарш -500 гр

  • Пияз – 5 дана

  • Тұз

  • Қара бұрыш


 
 
 
bottom of page