top of page

Үнді мәзірі: Бананды пури

  • Writer: d.shadibekuly
    d.shadibekuly
  • Oct 31, 2018
  • 1 min read

Үнді халқының сериалдарын қарап отырғанда, дастарқанынан түрлі тағам көреміз. Бүгінгі кезекте үндінің банан қосылған пури тәттісін дайындау жолын ұсынамыз. Қажетті азық-түлік:

Қажетті азық-түлік:

- 2 банан;

- 100 гр бадам (миндаль);

- өсімдік майы;

- қант;

- ұн; 

Жасалу жолы:

Бананды майдалап тураймыз.

Арнайы құралмен не кез келген ыңғайлы нәрсемен бананды еземіз.

Бадам жаңғағын үккіштен өткіземіз.

Езілген банан мен бадамды араластырып, үстіне қант, өсімдік майын салып, тағы да араластырамыз.

Қоспаға ұн салып, қамыр етіп илейміз.

Дөңгелектейміз


Дөңгелектерді жаямыз.

Табаға май құйып, қуырамыз.



Бананды пури дайын! Ас болсын!



Comments


bottom of page