top of page

Үй жағдайында қуырдақ жасап үйренеміз

  • Writer: d.shadibekuly
    d.shadibekuly
  • Oct 31, 2018
  • 1 min read

Updated: Nov 2, 2018


Бізге қажет болады:

– құйрық майы – ет – өкпе – жүрек – бауыр – қарын – ішек – пияз – тұз – бұрыш – көк пияз


Дайындалу жолы:


Қарын, ішек, бауыр, өкпе т.б алдын ала тазартылып жуылады. Аз ғана сүйық май қыздырыңыз. Тұралған өкпе мен май қосыңыз да 10 минут қуырыңыз. Тұралған жүрек пен ет қосып, тағы да 10 минут қуырыңыз. Қарын мен ішектерді қосып 30 минуттай пісіріңіз. Одан соң төртбұрыштап кесiлген бауырды қосыңыз да, ет бұрын тұздалмаған болса, тұздап, бұрыштаңыз. Пияздан көбірек тұрап қосыңыз. Картопты майдалап тұрап пияздың үстіне қойып, картоптың үстін шикі пиязбен жабыңыз. Қуырдақтың ортасына сәл жетпейтіндей етіп су немесе сорпа құйыңыз. Астын өлесіге (жәй отқа мағынасында) қойып, қуырдақ дайын болғанға дейін пісіріңіз. Сервис жасар алдында майдалап тұралған көк пияздан себіледі.


Recent Posts

See All

Comments


bottom of page